Тұрар Рысқұлов ауданында тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарына нұсқаулықтар жүргізілді

0 4

Тұрар Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар және №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция бөлімі, Т.Рысқұлов ауданы жастары ресурстық орталығының еріктілері, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Т.Рысқұлов ауданы филиалының өкілдері, аудандық электр желілерінің тарату мекемесі қызметкерлерімен бірлесіп тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу мақсатында және жылыту пештері мен тұрмыстық газ құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды насихаттау, сонымен қатар, балалардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға бейімдеу мақсатында Ақниет ауылдық округіне қарасты Д.Қонаев ауылында өрт қауіпсіздік сенбілігі ұйымдастырылып, тұрғын үйлер араланып, ауыл тұрғындарына нұсқаулықтар жүргізілді.

Ал тұрғындардың назарына, қысқы мал азығын шөпті сақтау кезіндегі, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, тұрғын үй-жайларда жылу беру пештері мен газ баллон қондырғыларын орнату кезіндегі талаптарды сақтау ережелері түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша  түрлі тақырыптағы жаднамалар таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.