Т.Рысқұлов ауданында ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті

0 15

Т.Рысқұлов ауданындағы М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ер есімі – ел есінде» атты «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті.

Конференцияға аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, «Парыз» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлі Бекқұлыұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы –Қожайхан Қазыбайұлы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы –Жеңіс Бақытбекұлы, білім беру ұйымдарының Өлкетану клубтарының жеткешілері, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мамандары қатысты.
Мақсаты өлкетанушылардың деректеу нәтижелерімен таныстыру, Сталинград шайқасының маңызын түсіндіру, Сталинград қаһармандарының ерліктерін жастарға үлгі ету болып табылады.
Конференцияда Сталинград шайқасы атты деректі фильм көрсетіліп, «Сталинград «Ұлы Отан соғысының түбірлі бетбұрыс шайқасы», «Сталинград Қаhармандары» — «Даңқ» орденінің I-III дәрежесі иегері Байжанов Бейсен, Арыстанбеков Даниярбек батырлар туралы баяндамалар жасалды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.