Жамбылда есірткіге қарсы үгіт- насихат жұмыстарын күшейтуге бағытталған жұмыстар жалғасуда.
Облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Жамбыл медициналық колледжінде «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу»тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Тәртіп сақшылары студенттермен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық препараттардың таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына үлкен қауіп төндіретіні туралы айтылған тармақтарды талқылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар есірткісіз қоғам құру — Қазақстанның әрбір азаматының алдында тұрған міндет екендігіне тағы да тоқталды.