Мойынқұм ауданында жаңа медициналық тірек қолданысқа берілді

0 11

Мойынқұм ауданы Биназар ауылында жаңа медициналық тірек қолданысқа берілді, ,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Аталған дәрігерлік пункттің ашылу салтанатына ауыл халқы көп жиналды. Ауыл халқын жаңа дәрігерлік пункттің ашылуымен аудан әкімі Әлихан Балқыбеков, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Данияр Ахмеджанов және ауыл қариясы, ақын-сазгер Болатбек Әбішевтер құттықтап, лентасын қиды.

Ашылу салтанатында ауыл әжелерінен құрылған ансамбльі әннен шашу шашса, ақын-сазгер Болатбек Әбішев өзінін арнау өлеңін оқыды.

Ғимарат лентасы қиылған бетте ауыл тұрғындары пункт ішіне кіріп, оны аралап көрді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.