27 қаңтарда Таразда жасөспірім қыз құрылысы аяқталмаған ғимараттан секіріп кеткен. Қуанышқа орай жасөспірім тірі, алайда түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жасөспірімнің өзіне қол салмақ болғаны туралы ақпарат полиция бөліміне 15:50 шамасында келіп түскен.
“Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ-нің 105-бабымен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Секірген азаматтың 19 жастағы қала тұрғыны екендігі анықталды. Ол шұғыл түрде облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде”, – делінген ақпаратта.
Оның суицидке бару себебі тергеп-тексеру шаралары барысында анықталатын болады. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне қарай жария етілмейді.