ҚАЖ қызметкерлері академияга оқуға шақырды

0 44

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59-мекемесінің кадр саясаты бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Әділет Үсенбаев, кадр саясаты тобының инспекторы әділет капитаны Айгүл Мурзакасымова Жамбыл облысының бір қатар мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсуге үгіттеу жұмыстарын жүргізді.

Білім алушыларға академияға қабылдау талаптары пен тәртібі таныстырылды. Академияның қазіргі таңдағы жетістіктері мен артықшылықтары туралы айтылды. Оқушылардың оқу орнына түсуге қатысты біраз сұрақтарына жауаптар берілді.
Адам өмірінде мамандық таңдау өте маңызды. Түрлі сала мамандарының ақыл-кеңесі артықтық етпейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.