Цифрландыру үдерісі қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі

0 4

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында цифрландыру үдерісі қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі  екенін атап өткен болатын.

Цифрландыру саласына серпін беру мақсатында облысымызда да бүгінге дейін қол жеткізілген табыс аз емес.

Мысалы, ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету мақсатында аудандармен келісіліп нақтыланған 74 елді мекен бойынша Жол картасы әзірленді.

Жалпы облыстағы барлығы 371 елді мекеннің 185 талшықты оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етілген.

Елді мекендерді мобильді байланыспен қамтамасыз ету бойынша жоспардың орындалуы да басты назарда.  Бүгінгі таңда 367 ауылдық елді мекеннің 76 – 2G, 140 — 3G төмен жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген. Қалған 150 елді мекен – жоғары жылдамдықты (4G) мобильді интернет желісіне қосылған.

Қазіргі таңда, «Кар-Тел» ЖШС жалпы жоспарланған 60 елді мекеннің 52-де 4G-мен қамту жұмыстарын жүргізді.Қалған 8 елді-мекенде базалық станция орнату жұмыстары жалғасын табуда.

Сонымен қатар «Кcell» акционерлік қоғамы тарапынан 27 елдімекенді қамту жоспарланған болатын. Оның ішінде, 4G мобильді байланысымен қамтамасыз етуге жоспарланған 16 елді мекеннің барлығында тиісті жұмыстар аяқталды.

Ал 3G мобильді байланысымен қамтамасыз етуге жалпы жоспарланған 11 елді мекеннің жетеуінде межелі міндеттер толық орындалды.

Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша интернет желісімен қамтамасыз етілмеген елдімекендер саны 11 (халық саны 3 009) болатын.

Бүгінгі таңда Алайғыр және Құлақшын ауылдарына «Транстелеком» акционерлік қоғамы талшықты-оптикалық байланыс желісін, «Транстелеком» АҚ-ы Үлкен Көкдала ауылында 10 үйді және Кіші Көкдала ауылында 3 үйді және Шағалалы ауылында 30 үйді жалпы 43 үйді 10 мбит/сек жылдамдықты интернетпен қамтыған.

Нәтижесінде 11 елді мекеннің алтауы интернет және мобильді байланысқа қол жеткізді. Қалған 5 елді мекен бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Мұның бәрі де цифрландыру үдерісін жеделдету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бір бөлігі. Ауқымды міндеттер алдағы уақытта да кезең-кезеңімен іске аса беретін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.