Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде 800-ден астам ұсыныс тілек жинақталған

0 8
«AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын қолға алды.
Қаржылық сауаттылық деңгейін арттырмай, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес. Сондықтан «AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Бүгін тиісті Меморандумға партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев және банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова қол қойды.
Жоба – ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.  Жоба аясында несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған ауыл тұрғындары, дәл қазіргі уақытта қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, сондай-ақ мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер оқудан өте алады.
Айта кетейік, еліміздегі жетекші банктердің бірі «Halyk» банкі жобаны қаржыландырып қана қоймай, оқыту бағдарламасына тәжірибелік білім мен кейстерді интеграциялауды көздей отырып, сарапшы ретінде қатысуға дайын.
Leave A Reply

Your email address will not be published.