Жұмыс жоспары нақтыланды

0 24
«AMANAT» партиясы аумақтық филиал жетекшілерімен бірге сайлау науқаны қорытындыланып, алда атқаратын жұмыстары нақтыланды.
Жалпы, сайлау нәтижесімен облыстық мәслихаттағы мандаттардың – 75 пайызы, қалалық және аудандық мәслихаттардағы мандаттардың – 71,3 пайызы партияластарға тиесілі болды.
Басқосуда аумақтардағы партия фракцияларының жұмысын күшейту мәселесі де пысықталды. Үгіт-насихат кезеңінде халық аманатын, айтылған уәделер орындалу керек.
Сондай-ақ, фракция алаңдарында өңірлік проблемаларды, резонанстық мәселелер жіті қарау тапсырылды. Бастысы,  фракция мүшелері өз сайлаушыларымен тығыз байланыста болады.
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде тұрғындардан 800-ден астам аманат, ұсыныс, тілек жинақталды. Мәселелерді шешу мақсатында әр аумақтың Жол картасы әзірленуде. Оны іске асыруға барлық деңгейдегі депутаттар бекітіледі.
 Партиялық жобалар халық игілігіне айналуы тиіс. Оның ішінде, нәтижесін берген «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» жобалары жалғасын табатын болады. «Ардагерлерді ардақтайық!», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ұлттық мұра» сынды басқа да жобалар жаңаша сипат алмақ.
Қоғамның басты қозғаушы күші саналатын – жастар мәселесі де басты  назарда. Алдағы уақытта «Жастар Рухы» Жастар қанатының жобалары аймақтарда жандандырылып, бастамаларына жас депутаттар тартылады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.