Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданып, белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып қойғанын хабарлаған. Күдікті бағасы 132 мың теңге болатын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқалы алмаға айырбастап алған.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 80 жастағы ер адамды анықтады. Қария өзінің кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон түріндегі заттай дәлелдеме тәркіленді.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарды балалармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, оларға бөгде адамдармен көшеде қарым-қатынас ережелерін түсіндіру қажеттігін ескертеді.