«Минералды тыңайтқыштар зауыты» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы өтті

0 16
«AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалына қарасты «Минералды тыңайтқыштар зауыты» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы өтті.
Есеп беру-сайлау жиналысында бастауыш партия ұйымның төрағасы Қ.Алдахметов 2021-2023 жылдары атқарған жұмыстарының есебін беріп, алдағы атқарылатын міндеттері туралы айтып өтті.
Аталған жиынға «AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Т.Дүйсенов қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бастауыш партия ұйымының есепті кезеңде атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деп баға берді.
Өз тарапынан партия мүшелері бастауыш партия ұйымының атқарылған жұмыстарына оң баға беріп, алдағы кезеңге белгіленген міндеттер мен барлық іс-шараларды толық қолдайтындығын жеткізді.
Жиын соңында Партия Тараз қалалық филиалының кезекті конференциясына делегаттар сайланды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.