«Бейбітшілік пен келісім» жобасы Байзақ ауданында жалғасын тапты

0 29
Үстіміздегі жылдың 16 тамызында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Байзақ ауданының Ботамойнақ ауылдық округінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Қуанышов Сержан Сапарбайұлы этнос өкілдерімен келелі кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – туындаған түйткілді мәселелерді анықтап, құзырлы органдарға жеткізу.
Шара барысында С.Қуанышов облыстық этномәдени бірлестік жетекшілері және «Қоғамдық келісім» КММ «Жобаларды іске асыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс” бөлімінің мамандары тарапынан мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, еліміздегі ұлттық бірегейлік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша құнды кеңестер мен тұрғындарның тарапынан қойылған сауалдарға толыққанды жауаптар берілді.
Соның бірі – егіндіктерге байланысты суармалы су мәселесі және ұзақ жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселе — мектеп жанында орналасқан ит, мысық жануарларына арналған баспананың мектеп жанында орналасуына тұрғындардың білдірген наразылықтары, бұған қоса, жануарлар баспанасын басқа жаққа ауыстыру жөнінде ұсыныстар қызу талқыланды.
Аталған мәселелер тиісті органдарға жеткізілетіні уәделенді, шешімін табады деген үміттеміз.
Leave A Reply

Your email address will not be published.