«Бейбітбішілік пен келісім» жобасы аясында Сарыкемер ауылында тәжірибе алмасу мақсатында ассамблеялық Аналар кеңесі мүшелерімен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімігінің ішкі саясат басқармасының басшысы орынбасары Сержан Сапарбайұлы мен облыстық этномәдени бірлестік жетекшілері, «Қоғамдық келісім» КММ «Жобаларды іске асыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс” бөлімінің мамандары тарапынан этностар жиі шоғырланған елді-мекендердегі әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, тұрмысы төмен отбасылардың мәселелерін шешуге, ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған ұсыныстар консультативті түрде талқыланды.
Сонымен қатар, аудандық Аналар кеңесінің атқарылған жұмыстары жайлы баяндалып, іс-шараға қатысушылар өзара пікір алмасты.
Осыған қоса, «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы аясында тәжірибе алмасу бойынша Аналар кеңесі мүшелері де келелі мәселелерді қозғады.
Мәселен, Поляк этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы, облыстық Аналар кеңесінің мүшесі, Плетнева Аракси Ваграмовна облыстық ҚХА Аналар кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде кеңінен баяндады.
Сондай-ақ, облыстық Қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің төрайымы, облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Хуртуева Раиса да балалар тәрбиесі және отбасылық келісім жөнінде айтып өтті.
Бұған қоса Байзақ аудандық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Қапарова Шырын аудандық Аналар кеңесінің атқарған жұмыстарына тоқталса, жиын соңында Жантаева Ардақ Аналар кенесіне аудандық жас аналарды тарту, отбасы тәрбиесі, баланы еңбекке баулу проблемалары төңірегінде ой өрбітті.
Шара соңы басты мәселе кеңеске этнос өкілдерінен аналарды тарту мен аналар құрамын жас аналармен толықтырып жаңарту мәселелерін талқылаумен тәмамдалды.