«Қаржылық сауаттылық: бірге арттырайық!» семинар-тренингі өтті

0 27

«Елу жылда — Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі және Жамбыл облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында семинар-тренинг өткізді. Отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайту, аз қамтылған және көпбалалы аналар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатын ұстанған семинарға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы, экономика PhD докторы, бизнес-тренер Гүлзат Искакова арнайы шақырылды.

Нарықтық экономикаға бағытталған ел болғандықтан, қаржылық сауаттылықты меңгеру қажеттілік болып табылуда. Қаржылық сауаттылық дегеніміз не? Қаржылық сауаттылықты арттыру стратегиялары қандай? Бизнес-тренер осы сауалдар төңірегінде әңгіме өрбітті.

Семинарға қатысқан әйел-аналар мен қыз-келіншектерге қаржылық сауатсыздықтың салдары қандай нәтижелерге алып баратыны, қаржыны дұрыс игеру жолдары, отбасы бюджетін жоспарлаудың қыр-сыры да жан жақты түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.