Маңызды мәселелер қаралды

0 3

Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық кеңестің отырысы өтті.

Алдымен аудан әкімі Әлихан Балқыбеков кеңеске қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, ауданымызда өткен мәдени іс-шаралар барысына тоқталды.
Бұдан кейін күн тәртібінде тұрған бірқатар өзекті мәселелер талқыланып, әкімдіктің жауапты бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдері тарапынан жасалып жатқан жұмыстар барысы айтылды.
Кеңесте аудан әкімі аппаратының басшысы Мейірхан Төлеулиев орындаушылық тәртіп барысында ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары тарапынан кеткен кемшіліктерді айтып өтті. Атап айтқанда, орфографиялық, орфоэпиялық қателіктер мен құжаттың сапасыз шығуын айтып, заңнамалық, құқықтық актілердің дұрыс орындалуын және жеке қабылдауды көптеп өткізу керектігін ескертті.
Күнтәртібіндегі мәселе бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жылыту маусымының өту барысы туралы аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғани Тілешев, берешек көлік салығы туралы аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Таңат Әділбаев, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мәлік Мұқашевтің аудан бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Нұркелді Қазақбайұлының сайлаушылардың тізімін өзектендіру бойынша баяндамалары тыңдалды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан басшысы Әлихан Әбіләшұлы кейбір мәселелерге сын-ескертпелерін айтып, берілген тапсырманы жүйелі жолмен дереу шешуге шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.