Мойынқұм ауданының Бірлік ауылында «Асарлатып үй салу» жобасымен берілген баспананың кілті осы ауылдың тұрғыны М. Баялиевке тапсырылды.
Аудан басшысы Ә.Балқыбеков арнайы барып үй иесін баспаналы болуымен құттықтап, өзінің ізгі ниет тілектерін жеткізді. Сондай-ақ осы игі тіршілікті ұйымдастырған Бірлік ауылының 1991 жылы туылған жастарына аудан халқы атынан рахметін айтып «Алғыс хатын» табыс етті.
Осыдан кейін ауыл биі Кемпірбай ақсақал құттықтау сөз сөйлеп, ауыл ақсақалдары алқасының төрағасы М.Иманалиев ақ батасын берді. Асарлатып салынған үйдің лентасын ауыл ақсақалы М.Иманалиев пен аудан басшысы Ә.Балқыбеков қиып, әжелер тәттіден шашуларын шашты.