Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Онда аудан бойынша 9 айда атқарылған жұмыстар жайы қаралды. Тоқсанына бір рет өтетін келелі жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіне осы күні үш сұрақ шығарылып, сонымен қатар көкейтесті мәселелер де жиын барысында қаралды.
Қазан айының қорытындысымен аудандық жасақ 40% орындалды. Жасақтың төмен көрсеткіш көрсетуіне Қордай, Үлкен Сұлутөр, Қарасай, Қақпатас, Масанчи, Сортөбе округтеріндегі нәтижесіз жұмыс себеп болып отыр. Күзгі әскерге шақыру науқаны соңына жетуге бір жарым ай ғана қалуына байланысты жасақ жоспары облыстық көрсеткіштен төмен орындалу қауіпі бар. Осыған орай әскерге шақыру жасағын орындау мәселесін хаттамалық тапсырмаға енгізуді, сондай-ақ межеге қол жеткізе алмаған жоғарыда аталған округ әкімдері мен әскери есеп үстел мамандарына шара қолдану ұсынылды.
Сондай-ақ «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, азаматтардың мәртебесін анықтау, өзектендіру, жұмыспен қамту бойынша проблемалық мәселелерді жіпке тізіп, жауапты мамандарға қатысты бірқатар сын-ескертпелер айтылды.