Шағын қаладағы көшелер жөнделуде

0 4

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 40 жыл жөндеу көрмеген көшелер жөндеуден өтуде.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 6 наурызында «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы өңірге келіп, Қаратау қаласының жұртшылығымен кездескен болатын. Жиында шағын қала тұрғындары көшелердің тоз-тозы шыққанын айтып, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігіне тоқталған еді.

Басқосуда партия төрағасы Ерлан Қошанов тұрғындар көтерген мәселенің орынды екенін тілге тиек етіп, көше жөндеу жұмыстары бақылауға алынатынын жеткізген. Араға көп уақыт салмай партияның халық алдында берген уәдесі орындалып, Қаратау қаласының 7,3 шақырым құрайтын 8 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шағын шаһардың Қ.Тоқтыбайұлы, Е.Өмірұлы, А.Байтұрсынов, М.Есжанұлы, Қ.Сәтбаев, Қ.Жарқынбеков сынды көшелеріне асфальт төселді, көше бойындағы аялдамалар жаңартылып, тротуарлар салынды. А.Байтұрсынов көшесінің жөндеу жұмысынан артылған қаржыға қосымша Ә.Байзатов көшесі де орташа жөндеуден өткізілді.

Жалпы, орталығы Қаратау қаласы саналатын Талас ауданында биыл 7 партиялық бақылау бекеті ашылып, оның 3-і осы жол саласын бақылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.