Талаптан да, білім мен өнер үйр

0 46

«Ой ойласаң кең ойла,

кең ойласаң тең ойла»

Халық даналығы

Шәкірттің жан дүниесінің сырына терең бойлап, оның дамуы мен қалыптасу заңдарын жете түсіну – ұстаздық мамандыққа қойылатын басты талап-тілектердің бірі. Осындай мақсатты жүзеге асыру жолында ұстаздың ойлауына қойылатын талаптар қандай?

Халқымыздың даму тарихы мен өмір салтында ойлау жүйесіне, сөйлеу қисынына қатысты ой-пікірлерді тұыжырымдап білдіретін мақал-мәтелдердің мазмұн-мәнін адамның ойлау әрекетімен ұштастыра отырып, жас жеткіншектердің дүниетанымын қалыптастыруда айрықша мәні бар. Талант, руханият және ақыл-ой этнопсихологиялық көзқарас жағынан ұлт айнасы болып есептеледі. Оның қадірленбеуі өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамның саяси, эконикалық, шаруашылық, материалдық-тұрмыстық артта қалушылық белгісі және тоқырауға ұшырауы болып саналады. Себебі талант, қабілет, дарын, ақыл-ой адамзат тіршілік етіп жатқан қоғамның адамгершілік және рухани факторы, өйткені руханиятта шын мәнінде экономикалық шаруашылық, ғылыми-техникалық, ақыл-ой мүмкіншіліктерінің мазмұны тікелей сәйкестендірілген болады. Сол себепті талант, ақыл, адамгершілік және руханиятқа қарағанда назар аударудың төмендеуі ен жайған қоғам еш уақытта дамудың жоғары шыныңа, ғылым мен техниканың өркендеуіне ере алмайды. Қоғам нығаюының бас факторы – бұл өскелең, кең көлемде, терең пікірлейтін, білімдар адамдардың қалыптасуы болып есептеледі.

Қазіргі кезеңде ақыл жағынан зейінді, зерек, креативтік қабілетті ізенімпаз, өзінше пікірлейтін ұл және қыздарға ең қолайлы жағдайлар, мүмкіншіліктер жасау, олардың өмір сүріп және жұмыс жасап жатқан ықшам аумақтан қашықтауын жүзеге асыру, арнайы ұйымдастырылған, қазіргі заман талаптарына жауап беруші оқу-тәрбие, әдістемелік құралдар, аспаптар жабдықталған білім орындарында оқыту – қазіргі кезең талабы.

Жыл өткен сайын балаларымызды ой-танымдары қиындап барады дейміз, алайда, олармен ешқандай рухты көтеретін бағдарламалар білім жүйесінде асып жатқан жоқ. Мектеп үрдісіне көптеген бағдарламаларды жеке түрінде енгізу керек деп ойлаймын. Балалардың сөйлеу мәдениеті өте төмен, екі сөздің басын қоса алмайтын балалар бар. Мұны екі жақтап қарастыруға болады – отбасы ішінде ата-ананың баламен әңгімелеспеуі, рухани әңгіме жүргізбеуі және мектеп аясында «шешендік өнер», «әдеп» секілді бағдарламалардың жетіспеушілігі. Қоғам рухани ақсап тұр…

Оқулықта берілген кейбір ақпараттарда мән мен мағына жоқ, әдеби нақыштағы көркемсөздер жетіспеушілігі болып тұр.  Балалар жазбаша да өз ойларын жаза алмайтын жағдайға жетті. Біз жазған шығарма, мазмұндама сынды тапсырмалар жоқтың қасы. Эссе жазғызамыз, алайда, бала ой-танымы төмен болғандықтан екі сөздің басын құрап жаза алмайды, мағынасын ашпақ түгілі..  Талантты ашу қиын емес, бала бойында бар қасиет ой түбінде жатпай шығады, дегенмен қазақ балаларында ұяңдық қасиет басым. Оның шешімі мектеп аясында ұлттық ойындардың көп өткізілуі, шешендік өнердің  дамуы үшін дебаттық жарыстар, ұлттық нақыштағы ойындардың өткізілуі, тәлім-тәрбие үйрететін рухани ойға бай байқаулар, салт-дәстүрді үгіттейтін жарыстар өткізілуі шартты болуы тиіс. Әр баланың бойында жасырылған таланттар өте көп, аша білу керек. Сабақ үстінде берілген тапсырмаларға балалар креативті түрде жауап беретін жағдайда, алайда «білім, білім» деп өнерді артқа қойып жатқан жайымыз бар. Бала зерігеді күнделікті қайталанатын дүниеден, оларға сахна, қолпаштаушы көрермен жетіспейді. Қоғам қазіргі уақытта жақсы көңіл-күйге зәру, жылы сөзге зәру, жақсы тілекке зәру болды. Сол назардың жоқтығынан ата-ана да, бала да, қоғам да интернет желісінде өмір сүреді. Өйткені ол жақта «лайк», «сыйлық» береді, ал, біз шынайы өмірде мақтау сөз естуге зәру жандар болдық. «Талант көп, таныс жоқ» деген мүгедек сөз пайда болды бұл қоғамда, өкініштісі де сол…

«…Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі… мектебімізді  таза, берік һәм өз жанымызға \қазақ жанына\ қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» — деген Мағжан Жұмабаевтың, «Мектептің басты мақсаты – жалғыз білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру»  -деп  М. Дулатовтың, «Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз» деген М.Жұмабаевтың ой-пікірлері қазіргі күннің өзіңде өте маңызды болып табылады.

Балалар бойындағы дарындылықты анықтау және оны дамыту – ұлттық маңызды мүдделердің бірі.

Қазақстан Республикасының  тәуелсіз мемлекет болып жариялануынан , қазақ халқының бабалары армандаған егемендікке қол жетіп, ұлттық ой- пікірлердің оянып, қайта түрленуіне кең жол ашылды. Философия, риторика мен логика, этика мен эстетика, музыка мен бейнелеу өнері шынайы ұлттық мағынаға ие болып, мәдени-рухани дүниенің өріс алуына мүмкіндік туып отыр, соны жіберіп алмауымыз керек.

Сондықтан да біз кез-келген жеке тұлғаны, соның ішінде дарынды тұлғаны сын тұрғысынан ойлауға қабілетті, ұлттық мүддеге сай етіп қалыптастыруымыз қажет. Осы міндеттерді орындау арқылы ғана оқу-тәрбие үрдісінде жетістікке жете аламыз.

Кентаева

Карлыгаш

Орынбаевна

№47 орта мектеп КММ

«Қазақ тілі» пәні мұғалімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.