Құзырлы органдар көлеңкелі бизнеспен күресіп келеді

0 18

Заңсыз ойын бизнесі мен лудомания көлеңкелі экономиканың- бөлшегі. Бүгінде құзырлы органдар аталған проблемамен күресіп келеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы лудоманияны ресми тәуелділік дерті деп таныған.

Ойынханаларға ақшасын ысырап етіп, бәс тігіп жүрген азаматтар елімізде де жетерлік. Қазір мемлекет тұрақты түрде қоғамның бұл дертімен күрес жүргізуде. Мамандардың сөзінше соңғы уақытта құмар ойындарға бәс тігіп жүрген азаматтардың қатары артқан. Салдарынан өз өзіне қол жұмсау фактілері де көбейген көрінеді. Құмар ойынға құмарлықтың зардабы мұнымен бітпейді. Қомақты қаржысынан айырылған азаматтар ұрлық жасап заңға қайшы әрекеттерге барады.

2023 жылы алкаголь және темекі өнімдерін заңсыз айналымы фактілері бойынша департаментпен жалпы соммасы 5 млрд теңгеден асатын акцизделетін өнімдерді әкелудің фактілерін тіркеді. Осыған байланысты ҚР қылмыстық кодексінің 214 және 230 баптары бойынша 23 қылмыстық іс тіркелді. Ал заңсыз ойын бизнесі бойынша жылына кемінде 5 іс тіркеледі, былтыр 12 болған, оның бәрі сотқа жолданды ,-дейді облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкері Жағыпар Исатаев.

Аталған мәселеге ұлтық құрылтайда Президент те назар аударып, дертпен құзырлы органдар ғана емес, қоғам болып күресуді тапсырды.

Тағы бір қауіпті кесел – лудомания, яғни құмарпаздық. Кейбір мәліметтерге қарасақ, 400 мыңға жуық азамат – букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиенті. Бұл – тұтас бір қаланың халық санына пара-пар көрсеткіш. Шын мәнінде, лудомания – бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қатер. Соның кесірінен талай шаңырақ шайқалды. Талай азамат заң бұзып, қылмысқа ұрынды. Құмар ойын үшін қарызға батып, өзіне қол жұмсаған жандар туралы хабарлар, өкінішке қарай, күн сайын тарап жатады. Бұл дерт жас ұрпаққа өте үлкен зиян келтіреді. Онлайн-ойындар балалардың күнделікті ермегіне айналып барады,-деді Мемлекет басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.