Аймақта «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының Өңірлік жоспары іске асырылуда
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы іске асырылуда.
Облыстық мәслихаттың шешімімен 2030 жылға дейін «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының Өңірлік жоспары бекітілді.
Өңірлік жоспар аясында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жауаптылықты арттыру, экологиялық сауаттандыру, энергия мен суды үнемді тұтыну, қоршаған ортаны сақтау, жасыл желектерді отырғызу, экологиялық акциялар өткізу мақсатында 47 іс-шараны іске асыру көзделуде. Оның ішінде Тараз қаласында 800 дана бейнекамералар орнату, сумен жабдықтау жүйесін және жасыл желектердің есебін цифрландыру мен автоматтандыру, қалалар мен елді мекендерде 600 мыңға жуық тал отырғызу, электрмобильдерді зарядтайтын 19 станцияны инфрақұрылыммен қамту, халық көп жиналатын орындарда 11 экобокстар мен фандоматтарды сумен жабдықтау жүйесінде 6 мыңға жуық есептегіш құралдарын орнату, жыл сайын «Үлгілі ауыл», «Таза аула» конкурстарын өткізу, сондай-ақ, экологиялық білім беру бағытында 8 конкурстар мен акциялар ұйымдастырылатын болады.