Жолдаудың бесінші бағытында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту — тұрақты дамудың негізгі факторы екенін аталып өтті.
Бұл ретте, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын басқарудың жаңа моделін қалыптастыру бағыты жоспарланған.
Облыс бойынша 4 қалада жалпы 1 831 көпқабатты тұрғын үй бар, оның 596-сы қанағаттанарлық жағдайда, 657-сі жөндеуден өткен , 578-і жөндеуді қажет етеді.
2011-2024 жылдары аралығында жалпы 23,8 млрд. теңгеге 657 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті,оның 444-і республикалық бюджет есебінен қалпына келтірілген.
Ағымдағы жылы 8,3 млрд. теңгеге 87 тұрғын үй күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ әзірленіп, салалық министрлікке бюджеттік өтінім ұсынылды.
Жалпы 2026-2028 жыл аралығында 349 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда, нәтижесінде жөндеуді талап ететін тұрғын үйлердің үлесін 21%-ға дейін төмендету күтіліп отыр.
								
									
								 Sign in							
							
								
									
											
										
											
		
					
								
			
			
	
										
									
								
							
												
				
				
				 Sign in
				
					
						
						
										
				
			
			Recover your password.
A password will be e-mailed to you.