Республика күні қарсаңында, Масанчи ауылдық округіне қарасты Күнбатыс-1 ауылында су жаңа шағын футбол алаңшасының ашылу рәсімі өтті.
Шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, округ әкімі Хусейн Буларов, ауылдық ардагерлер алқасының мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты. Алдымен аяқдоп алаңының ашылуына арналған лента қию рәсімі орындалды. Салтанатты рәсімге аудан әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы, ауыл ақсақалдары шақырылды.
-«Бүгін Республика күні қарсаңында Күнбатыс-1 елдімекенінде шағын футбол алаңшасы ашылуда. Сонымен сіздерді құттықтаймын. Мықты спортшылардың көбі ауылдан шығады. Осы футбол алаңынан елге, әлемге белгілі азаматтар тәрбиеленіп шықсын. Бұл айтулы мереке қарсаңында елді мекенге жасалған үлкен тарту»,-деді аудан әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы. Сонымен бірге, ауданымызда атқарылып жатқан бірқатар істерге тоқталып өтті.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, шағын футбол алаңының құрылыс жұмыстарын «TNAY story» мердігерлік мекемесі атқарып шыққан.
Келесі кезекте, ақ жаулықты аналар шашу шашып, күн райының жауын-шашынды болуына қарамастан, қонақтар жаңа ашылған алаңға беттеді.