Республика күніне орай, Меркі ауданында балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді.
Андас батыр ауылдық округіне қарасты Гранитогор елді мекенінде салынған алаң ауылдың даму жоспары аясыында бой көтерді.
Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ернар Ғалиұлы арнайы барып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.
Сонымен қатар, ауыл ақсақалдары өз ізгі тілектерін білдіріп, құттықтауларын жеткізді.
Ойын алаңшасында балаларға спортпен шұғылдануға жағдайлар жасалған. Айта кетейік, алаңшаның құрылысына жергілікті бюджеттен 11 млн. теңге бөлінген.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.