Биыл аймақта 20 елді мекендегі тұрғындарды ауыз сумен қамту жоспарланған

0 2

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл соңына дейін барлық елді мекен 100 пайыз ауыз сумен қамтылуы тиіс. Бұл бағытта Жамбыл облысында да бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биылдың өзінде 20 елді мекендегі тұрғындарды тіршілік нәрімен қамту жоспарланған.
Жамбыл облысында 4 қала мен 367 ауылдық елді мекен бар.
Жыл басында ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен қалаларда 98 пайызды (523,7 мың адам), ауылдық елді мекендерде 97,8 пайызды (676,9 мың адам) құрады.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың айтыуынша бүгінде тіршілік нәрімен қамтамасыз етілмеген 24 ауылдық елді мекен және Тараз, Шу қалаларындағы 9 тұрғын алқап қалып отыр.
-Биыл 20 елді мекенге ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу, сондай-ақ халық саны аз болуына байланысты Мойынқұм, Меркі, Қордай аудандарына қарасты 4 ауылға жергілікті бюджет есебінен кешенді блок модуль орнату жоспарланған.9 тұрғын алқапты орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда, -дейді басқарма басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.