Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков Қаратау қаласының тұрғындары, тыл ардагерлері – Жакипов Қадірбай ақсақал мен Мейрманова Зиякүлді мерекесімен құттықтады.
Қадірбай ата – 1937 жылы туған, 8 баланың әкесі. Еліне адал еңбек еткен абзал азамат.
Зиякүл Мейірманова да 1937 жылғы, ғұмырын елге қызмет етуге арнаған аяулы ана.
-Осынау ардақты жандармен тілдесіп, шынайы баталарын алу – мен үшін үлкен мәртебе. Еңбекпен келген Жеңістің, тылдағы жанқияр еңбектің қадірін біз ешқашан ұмытпауымыз керек. Ардагерлеріміздің дендері сау, көңілдері шат болсын! Ел есінде ерлік пен еңбек мәңгі сақталады!-дейді аудан әкімі.