«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында Талас аудандық кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Тараз қаласының және Талас ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның Құрметті жазушысы» атағының иегері Көсемәлі Сәттібайұлымен шығармашылық кездесу кеші өтті.
Кеш барысында Талас аудандық мәслихат төрағасы Қадірбек Садубаев құттықтау сөз сөйлеп, жазушыға құрмет көрсетті. Жазушының ұстаздары, замандастары, қаламдас достары мен қоғам белсенділері жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Шарада жазушының шығармаларынан көркемсөздер оқылып, «Шеткері үйдің жарығы» және «Алдамаңдаршы адамдар» туындыларынан сахналық көріністер қойылды. «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты.
Кеш соңында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұржан Мұхтаров белсенді оқырмандарды марапаттады.