Сарысу ауданының тұрғындары баспаналы болды

0 8

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде облыста тұрғын үйлер салу бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Нәтижесінде шағын қалалардың бойына қайта қан жүгіре бастады. Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай, Жаңатас қаласында үй кезегінде тұрған тұрғындарға баспана берілді.
Жаңатас қаласында жыл санап халық саны артып келеді. Есесіне үй кезегіне тұрған халық саны көбейген. Мереке қарсанында Сарысулықтар көптен күткен қуанышқа кенелді. Аудан орталығындағы Сұлтанғазиев көшесіндегі №3 және №7 тұрғын ұйлер қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді.
-Аталған пәтерлер әлеуметтік жағынан аз қамтылған және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған көп балалы отбасыларға берілуде. Жыл санап дамып келе жатқан Жаңатас қаласы үшін тұрғын үй мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Қалада коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерден пәтер алу кезегінде 1,5 мыңнан астам адам тұр. Бүгін солардың бірқатары жаңа баспаналарға қол жеткізіп, қоныс тойын тойламақ,-деді аудан әкімі Сәкен Мамытов.
Жаңа пәтерге ие болған жанның бірі көпбалалы ана Салтанат Қамажаева. Ол қуанышын жасырмай тұрғындар атынан жергілікті билік өілдеріне алғысын айтты.Осылайша, Жеңістің 80-жылдығы Жаңатастықтар үшін зор қуанышпен басталды.Аймақта баспана мәселесін шешу жолындағы ізгі жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.