«Қызғалдақ мұра – 2025» фестивалі: Талас даласындағы табиғат пен мәдениеттің тоғысы

0 7

Жамбыл облысының Талас ауданы — қызғалдақтың отаны ретінде танымал аймақ. Бүгін Тараз қаласында өткен «Қызғалдақ мұра – 2025» халықаралық фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Бұл шараны өткізудегі мақсат — табиғаттың сұлулығы мен ұлттық мұраны біріктіріп, қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлау, жергілікті табиғаттың тамашасын дәріптеу.

Жамбыл облысында қызғалдақтың 35 түрі өседі екен, оның 12-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. 1100 метр биіктікте орналасқан бұл өңірде Грейг қызғалдағы сияқты сирек кездесетін түрлері де бар.

Фестиваль аясында ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер мен қолөнер бұйымдары көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар қазақтың бай мәдениетімен танысып, ұлттық тағамдарынан дәм татып,

Әсем гүлге қатысты шаралар жоғары деңгейде өтіп, шетелдік туристердің де ерекше қызығушылығын тудырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.