Жаңаарық ауылдық округінің жұртшылығы ауыл әкімін сайлайды. Сайлауға келіп жатқандардың қарасы үзілген жоқ.
№380 сайлау учаскесінде 387 адам тіркелген. Оның ішінде, үйден дауыс беретіндер саны – 11 адам.
Бүгін Ақтоғай ауылының ең қарт тұрғыны, 87 жастағы Бибігүл Шораева өз таңдауын жасап, дауыс берді.
— Тоқсанға таянсам да ауылдың жарқын болашағы үшін дауысымды беріп, сайлауға қатысудамын. Бүгінгі сайлау ауыл тұрғындары үшін аса маңызды оқиға. Бастысы халықтың үдесінен шыға алатын әкімді жаңылмай таңдау, — деді қарт сайлаушы.