ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ: Түймекенттік тұрғындармен кездесті

0 4

Қазақстан Республикасы Президентінің №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, аудан басшысы бекітілген кесте бойынша Түймекент ауылдық округінде халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында алдымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, жағымды жаңалықтарын жеткізіп, алдағы атқарылар жоспарларымен бөлісті.

Түймекенттік тұрғындар көпке ортақ ағын сумен қамтамасыз ету, су мұнарасы, ауылішілік көпір салу мәселелерін қозғады. Халықтың айтқан әрбір ұсынысы назарда болатынын, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді. Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуына байланысты ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауға шақырды. Кейбір мәселелерге қатысты тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округтің әкімі түсініктеме беріп, заңдылықтарға сәйкес жауаптарын айтты.

Аудан әкімі кездесуден соң жеке қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдап, олардың мұң-мұқтаждарын тыңдап, шешу жолдарын қарастырды. Аудандық полиция бөлімі тарапынан бүгінде қоғамдағы өзекті мәселелер: интернет алаяқтық, қараусыз мал, балалар қауіпсіздігі, мопед басқаруға тыйым салу, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айта кетейік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.