Ағымдағы жылғы 22 мамыр күні AMANAT партиясы ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментінің инспекторы Айбек Аманбайұлы Сатқалидың Жамбыл облысына іссапары аясында партияның Талас аудандық филиалының жұмысымен танысты.
Мониторинг барысында партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Талас ауданы бойынша жол картасындағы көрсеткіштердің және партиялық жобалар аясында іс-шаралардың орындалуы қаралды.
Іссапар барысында Қаратау қаласында қайта жаңғыртудан өтіп жатқан жалпы құны 1133,0 млн теңге болатын Панфилов, Арбатас және Тамды әулие көшелері және 960,0 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген Б.Момышұлы көшесіндегі №17 үйдің жағдайларымен танысты.
Сонымен қатар Ойық ауылындағы Б.Әлменұлы атындағы орта мектептің құрылысымен, жаңадан салынған дене шынықтыру спорт кешені мен Тұрымқұл ауылындағы ауыз су жүйесімен танысты.
Талас ауданындағы іссапар барысында филиал және құрылыс нысандары жұмысын AMANAT партиясы Талас аудандық филиалының төрағасы Д.Маселбеков таныстырып туындалған сұрақтар бойынша тұжырымды жауаптар берілді.