Жеңімпаздар марапатталды

0 2

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толуына орай Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс» атты байқау өткізілген болатын.
Аталмыш байқауға аудандық орталық кітапханаға қарасты ауылдық кітапханалар қатысты. AMANAT партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өткен байқауда өзіндік іскерлігімен, жаңашыл идеялармен ерекшеленген және кітапханалық креативті бағыттарды көрсете білген кітапханалар марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Майтөбе, Қожағаппар, Қасқабұлақ ауылдық кітапханалары иеленді. Ал, жүлделі I бірінші орынды Сәду Шәкіров, Бостандық, Талапты, Тамабек ауылдық кітапханалары қанжығаға байлады. Есейхан, Тамды, Қараой ауылдық кітапханалары байқау нәтижесі бойынша жүлделі екінші орынды олжаласа, Ақкөл, Аққұм, Қызыләуіт, Көктал ауылдық кітапханалары жүлделі үшінші орынды місе тұтты. Ал, Ойық, Көшек батыр, Үшарал ауылдық кітапханалары байқауға қатысып, белсенділік танытқандары үшін ынталандыру сыйлығына ие болды.
«Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс» атты байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Талас аудан­дық орталықтандырылған кітап­ханалар жүйесінің директо­ры Шынар Жұмабекова марапат­тап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.