«Бақытты бала-бақытты ел» мерекелік шарасы өтті

0 3

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт — ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін Халықаралық балаларды қорғау күні — балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін мерейлі сәт. Аудан орталығында орналасқан Ақәділ Суханбаев атындағы саябақта бұл күн айрықша аталып өтілді.
Саябақ іші бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің күміс күлкісіне толды. Онда асфальтқа сурет салу байқауы, шағын футболдан 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы балалар мен жасөспірімдердің дене дайындығы клубының ашық турнирі өткізілді. Балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жиналғандар мен бүлдіршіндерді мерекемен аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Сонымен қатар, асфальтқа сурет салу байқауының жеңімпаздарын марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Бұдан соң талантты да өнерлі балалар әуелете ән салып, дөңгелене би биледі. Ортаға құлтемір, қоян, аю адам шығып, балалармен ойын ойнап, қуаныш сыйлады.
Мерекелік шара соңында балаларға ұйымдастырушылардың демеушілігімен балмұздақтар таратылды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.