Кәсіби жастардың «Профи — 2025» аудандық байқауы өтті

0 13

Бүгін №3 Байзақ колледжінде «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Профи — 2025» байқауы өткізілді. Бұл байқау ауданымызда биыл қатарынан төртінші жыл өткізіліп отыр. Қуанарлық жәйт, жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Бұл жолы байқау 4 саланы қамтыды. Атап айтқанда, «Кондитер», «Аспазшы», «Визажист» және «Дәнекерлеу ісі». Байқау жарияланған уақыттан бастап 27 өтінім парағы келіп түскен. Яғни, «Кондитер» мамандығы бойынша – 11 үміткер, «Аспазшы» мамандығы бойынша — 4 үміткер, «Визажист» мамандығы бойынша –6 үміткер және «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша – 6 үміткер қатысты. Биылғы жылғы «Профи-2025» байқауы «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай ұйымдастырылды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталды. «Мемлекет басшысы биылғы жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл дегеніміз жұмысшы мамандарына деген үлкен құрмет, олардың дәрежесін көтеру мақсатын көздеп отыр. Еліміздің әр өңірінде осы мақсатта ауқымды іс шаралар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі байқау да осының бір көрінісі. Ауданымызда жұмысшы мамандарын даярлайтын №3 Байзақ колледжі өз жұмысын атқарып келеді. Колледж түлектеріне алдағы уақытта тек қана жетістік тілеймін,» — деп, байқау жеңімпаздарын марапаттады.
Байқау қорытындысы бойынша «Кондитер» мамандығы бойынша І орынды Назерке Асанқұл, ІІ орынды Әдемі Жилкибай, ІІІ орынды Венера Балтабаева иеленді. «Аспазшы» мамандығы бойынша І орынмен Алмас Жаманқұл, ІІ орынмен Күләш Карбозова, ІІІ орынмен Айдана Қуатбекова марапатталды.
«Визажистер» арасында Ләйлә Есімхан І орын, Мадина Ақмолдаева ІІ орын және Арайлым Тұрғынбай ІІІ орын иегері атанды.
«Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша І орынмен Нұрболат Жексеналы, ІІ орынмен Нұрғиса Абдикарим және ІІІ орынмен Нұрхалық Абдуақас марапатталды. Жеңімпаз қатысушыларға Диплом, ақшалай сыйлықтар және гүл шоқтары табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.