Әскери — патриоттық әндер байқауы өтті

0 10

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай С.Шәкіров ауылдық мәдениет үйінде “Жеңіске рух берген ән!” атты әскери-патриоттық әндерді орындаудан аудандық байқау ұйымдастырылды.
Байқауға 15 үміткер қатысып, бас жүлдеге Шәкіров ауылынан қатысқан көпбалалы ана Аяжан Шымкент лайық деп танылса, 1-орын Әліпбай Айдынбекке (Майтөбе ауылы), 2-орын Керімбеков Даниярға (Бостандық ауылы), 3-орын Әбрен Гүлмираға (Қараой ауылы) бұйырды. Ал, Бейшехан Ақжан (Аққұм ауылы) көрермендер көзайымы атанды.
Барлық қатысушыларға Алғыс хат және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.