2025 жылдың 20-21 мамыр күндері Астана қаласында өткен «Ана тілі» республикалық интеллектуалды қазақ тілі олимпиадасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияның екі командасы жүлделі орындарға ие болып, Талас ауданының мерейін үстем етті.
І дәрежелі диплом және алтын медаль иегерлері — «Алдаспан» тобының мүшелері:
• Қарақат Әлізах (10 сынып),
• Балауса Әуез (10 сынып),
• Алина Маймышева (11 сынып)
ІІ дәрежелі диплом және күміс медаль иегерлері — «Мирас» тобының мүшелері:
• Сындыбала Әмірхан (10 сынып),
• Кәусар Шахым (10 сынып),
• Луиза Мақсұт (10 сынып)
Ерекше қуанышпен атап өтейік: 11-сынып оқушысы Алина Маймышева Халықаралық британдық “Coventry” университетінің оқу грантын жеңіп алып, еліміз бен ауданымыздың атын халықаралық деңгейде танытты.
Дарынды шәкірттерімізге тек сәттілік тілеймін! Алда алар асуларыңыз көп болсын!