1 маусым — Балаларды қорғау күніне арналған кешенді іс шаралар легі өткізілді. Аудандық білім бөлімінің балалар — жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен орталық саябақта «Балдәурен балалық шақ!» атты мерекелік іс — шара ұйымдастырылды.
Шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, құттықтау сөз сөйледі: — Халықаралық балаларды қорғау күні – ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам. Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз, — деді.
Мерекелік шара барысында балалар — жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мальбертке сурет салу», «Асфальтқа сурет салу», «Гір тасын көтеру», «Асық ату» және «Эстафеталық ойындарға» белсене қатысып, жеңімпаз атанған оқушыларды аудан басшысы марапаттап, бағалы сыйлықтар тапсырды.
Орталықтың өнерпаз жастары ән шырқап, би билеп, шараның көркін кіргізді. Балаларды қорғау күніне арналған шаралар қала мен барлық ауылдық округтерде жалғасуда.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.