Қазақ күресінен республикалық турнир өтті

0 2
Бүгін Саудакент ауылында қазақ күресінен спорт ардагері Молтан Сарқытбековты еске алуға арналған республикалық турнир басталды. Аталмыш жарысқа Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, Алматы, Жетісу, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облысынан сондай — ақ, Жамбыл облысының аудандарынан 250 балуан бақ сынауда.
Шараның ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай — ақ, достарының атынан Бекқали Төлегенов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтқадыр Әбліхалықов және інісі Қаныбек Нартов сөз сөйлеп, аталмыш шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Молтан Сарқытбеков — Саудакент ауылының тумасы. КСРО — ның «Спорт шебері» атағын алған. Сарысу ауданының спорт комитетінің төрағасы, Жамбыл облыстық күрес түрлері федерациясының төрағасы болып қызмет атқарды. Тараз қалалық спорт мектебі «Локомотив» -те директордың орынбасары қызметін абыроймен атқарды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.