Еліміз бойынша өткізіліп отырған игі шараның бірі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына байзақтықтар да өз үлестерін қосуда. Соның бірі — «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы аясында, Ботамойнақ ауылдық округінде орналасқан Қостөбе қалашығында өткізілген тазалық жұмыстары.
Акцияға аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тарихи-өлкетану музейінің ұжымы, Ботамойнақ ауылдық округінің әкімшілігі мен тұрғындары, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.
— Ауданда атқарылуы тиіс жұмыстар жетерлік. Соның бірі — киелі мекендерді тұрғындарға дәріптеу. Көбісі осы аймақтағы мәдени-тарихи нысандарды білгенімен, оның тарихына мән бермейді. Ал осы іс-шара тек тазалық жұмыстарымен шектелмейді. Акцияға қатысушы осы қалашықтың салыну себебі мен мағынасына үңіліп, зердесіне тоқи кетеді. Бұл шараның бірден-бір ерекшелігі де осында. Киелі орындарда тазалық жұмыстарын жүргізе отырып оны сақтауға және құрметтеуге үгіттеу – дейді, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тарихи-өлкетану музейінің директоры Артық Үкібаев.
АЙТА КЕТЕЙІК: Қостөбе қалашығы Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылының солтүстік-шығыс шетінде Талас өзенінің оң жағасында, Тараз қаласының оңтүстігінде 15 шақырым жерде орналасқан.
Қалашық VІ-ХІІ ғғ жататын археологиялық ескерткіш және 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне және 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енген.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Келесі