ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: Тарихи-мәдени ескерткіштерге тазалық жұмыстарын жүргізді

0 2

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен үстіміздегі жылғы 5 маусымы мен 5 шілдесі аралығында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы өткізіліп жатқаны белгілі. Аталған акция Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және еліміз бойынша «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы шеңберінде жүзеге асырылуда.
Аталған бастама қоршаған ортаны қорғау мен тарихи-мәдени мұраны сақтау ісінде ерекше маңызға ие. Осы мақсатта, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы аясында туристік және тарихи-мәдени нысандарға мониторинг және тазалық жүргізу бойынша облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қарасай петроглифтері орналасқан Қарасай шатқалына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Ақбұлым ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5,7 шақырым жерде, Қарасай шатқалында орналасқан петроглифтер – қола және ерте темір дәуіріне жататын археологиялық ескерткіш саналады. Нысан 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген.
Акцияда шатқал аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, ондағы ретсіз өскен шөптер шабылды. Шараға аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тарихи-өлкетану музейінің ұжымы, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.