Мемлекеттен қаржы алып, сұранысқа ие өнім өндірді. Меркі ауданы Тәтті ауылының тұрғыны Бекмұрат Мамытов «Ауыл аманаты» жобасымен несие алып, шағын кәсібін ашқан. Енді ауыл азаматы ауласында өндіретін өнім ауданда ерекше сұранысқа ие болып отыр.
Бекмұрат Мамытов кір жуатын сұйықтық шығаратын шағын кәсіп иесі. Бірнеше ай бұрын мемлекеттен 5,600 000 теңге жеңілдетілген несие алған. Кәсіпкер еш ойланбастан көрші облыстан сұйықтық өндіретін қондырғы мен арнайы маманды алдырады. Аз ғана уақыттың ішінде бұл кәсіпті меңгеріп, өндірісті іске қосады. Қазір күніне 1 тоннаға жуық кір жуатын сұйықтық шығарып отыр.
-Ауылда тұрып ақ кәсіптің түр түрін меңгеруге болады. Оған ынта болса болғаны. Бизнес идеяны жүзеге асыру үшін ммелекеттен беріліп жатқан көмектер де жетерлік. Бастысы екі қолға бір күрек бар, күн көріске жетеді, халыққа да пайдасы тиіп жатыр,-дейді Бекмұрат Мамытов .
: Бекмұрат Мамытов өндіретін кір жуатын сұйықтық құтысының бағасы 1500 теңге. Бұдан бөлек кәсіпкер қатты сабынның да өндірісін де қолға алған. Ауыл әкімінің сөзінше Тәтті округінде шағын кәсіпкерлік ісі дамып келеді.
Айта өтейік, аталған округте 2200 ден астам халық, 7 елді мекен бар. Ауыл аймақтардың экономикасының ілгерілетуге түрлі мемлекеттік жобалар ықпал етуде.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.