Биыл 10 елді мекенге газ беріледі

0 5

Жамбыл облысында 282 елді мекенге газ берілген. Бұл 76 пайызды құрайды.Ал жыл соңына дейін тағы 10 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Жалпы Жамбыл облысында 2025-2026 жылдарға арналған күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары кестеге сәйкес орындалуда. Нәтижесінде көрсеткіш 46 пайызды құрап отыр.Өткен жылы өңірде 8 елді мекенге табиғи газ берілген. Биыл жыл соңына дейін тағы 10 ауыл-аймақты көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Мәселен, Таласта -2, Жуалыда – 4, Жамбылда -3, Қордай ауданында -1.Облыста газдандыру деңгейі 91,3пайызға жетіп отыр.
Ал, Тараз қаласының іргесінде жатқан Жамбыл ауданында 31 елді мекеннің 27-і табиғи газбен қамтылған. Бүгінде ауданда Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат, Сеңгірбай сынды ауылдарға көгілідір отын кіргізу жұмыстары жүргізілуде. Газ тарту жұмыстары толық аяқталса, 100 пайыз халық газбен қамтылмақ.

Өңірдегі жалғыз газбен қамтылмаған Мойынқұм ауданына да газ тарту жұмыстары басталды.Әзірге аудандағы 3 елді мекен Айдарлы, Бірлік және Биназарға көгілдір отын берілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.