Жауапкершілік артып, талап күшейеді

0 8

Талас ауданының  әкімі Нұрбол Жүнісбековтің халықпен кездесу жиыны өткен аптада Берікқара, Қасқабұлақ және Көктал ауылдық округтерінде жалғасты.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселе­лерді көтерсе, аудан әкімі Нұрбол Әбдімәжитұлы  Жүнісбеков әрбір тұрғынның әр ұсыныс-пікірін тыңдады.
Жиын ашық форматта өтті. Ауыл тұрғындары жол, су, жарық, мектеп пен медициналық пункттің жағдайы сияқты күнделікті өмір­ге қатысты сұрақтарын қойды. Нұрбол Әбдімәжитұлы барлық ұсынысты мұқият тыңдап, кейбір мәселелердің нақты шешімін сол жерде айтты.
Сондай-ақ, аудан әкімі өз сөзінде халықпен кері байланыстың маңызды екенін атап өтіп, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Сонымен қатар, биылғы жылы ауылдық округтерде атқарылатын жаңа жобалар жайында әңгімеледі. Барлық маңызды салаларда талап күшейіп, жауапкершілік артатындығын жеткізді.
Сонымен  қатар, тұрғындар кездесуге ризашылықтарын білдіріп, осындай ашық диалог жиі өткізіліп тұрса деген тілектерін жеткізіп, тарқасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.