Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы «Бақдәулет» гипермаркетінде «Заң және тәртіп» апталығы аясында ашық есік күні өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, аудандық ардагерлер кеңесіне қарасты алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек, қоғамдық кеңестің төрағасы Сахараб Қырғызбаев, құқық қорғау органдарының өкілдері мен мекеме, бөлім басшылары және Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” қызметкерлері қатысты.
Тұрғындармен ашық диалог орнату мақсатында өткізілген шара барысында тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар, түрлі жобалар мен сауаттылықты арттырудың алғышарттары түсіндірілді.
Қоғамдық қабылдау Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында жалғасын тапты. Халық көп жиналатын орын болып саналатын орталыққа келушілердің саны мол болды. Тұрғындар талап- тілектерін жеткізе отырып, пайдалы ақпараттарды алды.