Жамбыл облысындағы құс фабрикасының қуаттылығы артты

0 9

Жұмыртқа қымбаттап бара жатқанда оны халыққа арзандау ұсынып отырған фабрика бар. Ол — Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округі аймағында орналасқан «Аса Даму» құс фабрикасы  220 мың тауықтан күніне 180 мың жұмыртқа алып отыр.
Жоба мемлекет қолдауының арқасында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған құны 914 млн теңге 8 гектар аумақты алып жатқан құс фабрикасы бір мезетте 250 мың тауық және 100 мың бас балапан өсіруге қауқарлы. Ал, жұмыстың барлығы автоматтандырылған. Ешқандай қолдың күшін қажет етпейді. Жергілікті 60 қа жуық тұрғын осы фабрикаға жұмысқа орналасқан. Жұмыртқа Алматы-Тараз қалаларына жөнелтіледі.
-Бізде құрылғылардың барлығы автоматтандырылған. Тауық корпусындағы құралдардың барлықы испандық жабдықтар. Жемі, суы адамның қатысуынсыз беріледі. Желдеткіш те қойылған. Ал жұмыртқа жинауды голландық аппаратпен жүзеге асырылады. Ол күніне 45 мың дана жұмыртқа жинауға қауқарлы. Еңбекке ауыл тұрғындары тартылған. Жалақылары тұрақты,-дейді фабрика директорының орынбасары Орынбасар Рыспеков.
Балапандар Ресейден жеткізіледі. Ал тауықтар тек тұқым өндіруге бейім көрінеді. Және бір ерекшелігі, төрт ай мерзімнен бастап жұмыртқа бере бастайды. Әрі суыққа төзімді.
-Осы жерде бес-алты жылдың көлемінде жұмыс істеймін. Шаршамайтын жұмыс болмайды, бірақ барлық жағдай жасалған. Отбасымыздың напақасын айырып отырмыз,-дейді ауыл тұрғыны. Мария Айтбаева.
Мұнда негізінен Жамбылдықтар жұмыс істейді. Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланған фабрика халыққа сапалы, таза әрі  қолжетімдІ бағада өнім ұсынудың көкжиегін кеңейтуге ниетті .

Leave A Reply

Your email address will not be published.