Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясы салынады — Сенат

0 3

Сенат «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

— Келісім жаңартылатын энергия көздері, жасыл технологиялар мен электр энергиясын өндіру және сақтау саласындағы инновациялық жобаларға қолданылады. Келісім аясында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының (ЖЭС) құрылысы жоспарланып отыр. Бұл жоба аясында қуаты 300 МВт, сыйымдылығы сағатына 600 МВт болатын заманауи энергияны сақтау жүйесі енгізіледі. Бұл стратегиялық шешім жел күшейген кезеңдерде артық өндірілген электр энергиясын жинақтап, жүктеме шегіне жеткен сәттерде оны электр желісіне беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, — деді Сенат депутаты Шәкәрім Бұқтұғұтов Сенат отырысында.

Келісімде ірі жобаларға қойылатын келесі талаптар көрсетілген:

— қуаты — 1 ГВт;
— көмірқышқыл газы (CO₂) шығарындыларын жыл сайын азайту;
— жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру;
— жобаларды елдің біртұтас электр энергетикалық жүйесіне сенімді және тұрақты түрде интеграциялау;
— елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тағы сол сияқты.

— Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы электр энергиясының сатып алушы. Электр энергиясын сатып алу мерзімі, яғни пайдалануға берілгеннен кейін 25 жыл ішінде. Қазақстанның электр желілерін басқару жөніндегі компаниясы (KEGOC) электр энергиясын желіге беру мен жоғары кернеулі әуе желілерінің техникалық қызмет көрсетуін техникалық диспетчерлеуді жүзеге асырады. Жамбыл облысының әкімдігі жер учаскесін жалға ұсынады. ЖЭС өндіретін электр энергиясының тарифі сағатына 1 кВт үшін 4,49 АҚШ центін құрайды. Бұл тариф халықаралық тәжірибе мен жобаның рентабельділік деңгейін ескере отырып белгіленген және шетелдік инвестиция тарту мен мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді. Тариф құрамына электр желілерін салу, энергия сақтау жүйелерін пайдалану және электр энергиясын өндіру шығындары кіреді, — дейді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.