Әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша абылдады. Онда тұрғындар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді көтеріп, өтініштерін білдірді.
Атап айтқанда, Жетібай ауылының тұрғыны Гулсим Карибаева мен Сарыкемер ауылының тұрғыны Нурдана Сураншиева тұрғын үй кезегіне тұрғанымен, әлі күнге дейін баспанаға қолы жетпей жатқандығын жеткізді. Сарыкемерлік тұрғын Лейла Ысқақова көше бойындағы арықты тұрғындар қоқыспен толтырып жатқандығын айтып, осыған байланысты шара қолдануын өтінді.
Аудан басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Кейбір мәселе тиістілігіне қарай жауапты сала басшыларының құзырына, белгіленген уақыт мерзімінде орындалуы тапсырылды. Әрбір мәселе жіті бақылауға алынып, хаттамаға енгізілді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.