Мәжіліс депутаттары Партияның Сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын зерделеді

0 123

Бүгін Жамбыл облысына ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрым арнайы іс-сапармен келіп, партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Іс-сапар барысында депутатГүлдара Алданышқызы Нұрым аудандағы бірқатар нысандарға бас тіреді.

Іс-сапар аясында Саудакент ауылындағы ауруханада ауылдың ардақты ардагерлері Алтын Досжанова, Ақбай Искаковалармен кездесіп ойларындағы мұқтаждарымен бөлісті.

Сонымен қатар, Жаңатас қаласындағы “Болашақ” балабақшасының күрделі жұмыстарының құрылысын да назарға алды. Қазіргі таңда бұл балалар бағының ордасында бірталай үдерісіне қиындық туғызып келген. Өткен жылы тоқтап қалған балабақша биыл қайта жанданып, мердігер «ТаразСтрой-2004» ЖШС нысанда жұмысты белсенді жүргізуде. Жаңа ғимарат алдағы уақытта пайдалануға берілмек.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.