Қала аумағында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда

0 4

Бүгін әкімдіктің мәжіліс залында Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес отырысы өтті.

Жиын барысында екі мәселе қарастырылды. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы діни ахуал және қала мектептеріндегі оқушылардың діни сауаттылығы мен діни экстремизм, терроризмнің алдын алуға бағытталған жұмыстар туралы мәселелер бойынша ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Тойшыбаев пен білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова баяндама оқыды.

Кеңес төрағасы қала әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова тыңдалған баяндамалар негізінде қорытынды жасады.

– Қазіргі таңда елімізде діни тұрақтылықты сақтау – мемлекет қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі. Соның ішінде жастар, әсіресе мектеп жасындағы оқушылар арасында діни сауаттылықты арттыру, радикалды идеологияның алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осыған орай, қала мектептеріндегі діни ахуалды бақылауда ұстау және оқушылардың діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру бағытында жұмыстарды күшейту қажет, – деді Г.Жауынбекова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.